О внесении изменений и дополнений N 47 в Единую бюджетную классификацию Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 47 өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 шілдедегі N 966 P990966_ "Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" және 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N 1908-129с қаулыларына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" бұйрығына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне: бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне: "272 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын экономика, кіші және орта бизнесті қолдау атқарушы органы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "272 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын экономика, кіші және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік сатып алу атқарушы органы"; "3.1.251.2.3 Жергілікті органдардың аппараттары" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын: "3.1.251.2.30 Қылмыстық-атқару инспекциясының аумақтық органдарының аппараты және және бөлімшелері"; "13.9.272.2.31 Шағын және орта бизнесті қолдау органдарының аппараттары" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын: "19.9.272.2.32 Мемлекеттік сатып алу органдарының аппараттары".
Тармақ 2
2. Қаржыландыру "3.1.251.30.34 Қылмыстық-атқару инспекциясы" кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылмасын.
Тармақ 3
3. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов) департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.