О внесении дополнений N 48 в Единую бюджетную классификацию Қолданыста
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 48 толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 503 P010503_ "2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" бұйрығына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне:
бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне:
"10.1 Ауыл шаруашылығы" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы
жолдармен толықтырылсын:
"10.1.111 Ақмола облысының әкімі
10.1.111.92 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді
ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру
10.1.112 Ақтөбе облысының әкімі
10.1.112.92 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді
ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру
10.1.115 Шығыс Қазақстан облысының әкімі
10.1.115.92 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді
ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру
10.1.118 Батыс Қазақстан облысының әкімі
10.1.118.92 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді
ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру
10.1.119 Қарағанды облысының әкімі
10.1.119.92 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру
10.1.122 Қостанай облысының әкімі
10.1.122.92 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді
ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру
10.1.124 Павлодар облысының әкімі
10.1.124.92 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді
ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру
10.1.125 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
10.1.125.92 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру";
"10.1.212.82.80 Сыртқы заемдар есебінен жобаны іске асыру" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
10.1.212.84 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді
ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру".
Тармақ 2
2. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов)
департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.