О внесении изменений в совместное решение акима Алматинской области N 5-170 от 14 мая 1998 года и Алматинского областного маслихата N 20-157 от 17 апреля 1998 года "Об изменении границ города областного значения "Капчагай" Алматинской области и придании статуса особо охраняемой природной Қолданыста
Басқа 0
Алматы облысы әкімінің 1998 жылғы 14 мамырдағы N 5-170 және Алматы облысы мәслихатының 1998 жылғы 17 сәуірдегі N 20-157 "Алматы облысындағы облыстық мәні бар Қапшағай қаласының шекарасын өзгерту және оған ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру тралы" бірлескен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы туралы" Заңының 28-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 817 Қаулысымен бекітілген "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу Ережесінің" 3-тармағы негізінде Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы әкімінің 1998 жылғы 14 мамырдағы N 5-170 және Алматы облысы мәслихатының 1998 жылғы 17 сәуірдегі N 20-157 "Алматы облысындағы облыстық мәні бар Қапшағай қаласының шекарасын өзгерту және оған ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы" бірлескен шешіміне (1998 жылғы 16 шілдеде нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 21 нөмiрiмен тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бірлескен шешімнің атауындағы "және оған ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру" деген сөз тіркесі алынып тасталсын;
кіріспе бөлігіндегі 1, 2, 3 абзацтар алынып тасталсын;
Тармақ 3
3-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.