О внесении дополнений N 5 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 23 сентября 2002 года N 3 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнің 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 3 бұйрығына N 5 толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 02.06.2005 N 75 Бұйрығымен. -----------Бұйрықтан үзінді---------- "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын. 2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi. Министр
Басқа 1. Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекiту бойынша бұйрық тізбесі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 бұйрығына қосымша Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекiту бойынша бұйрық тізбесі 36. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 43 (тіркелген N 2086) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы бұйрығына N 5 толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы... ------------------------------------- БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 3 бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында: бюджеттiк шығыстардың функционалдық сыныптамасында: 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер көрсету" функционалдық тобында 1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" кiшi функциясы мынадай мазмұндағы 001-кiшi бағдарламасы бар 001 бағдарламамен, 016, 023 және 029 бағдарламаларымен, 106 бағдарлама әкімшiсiмен толықтырылсын: "106 Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық 001 Әкiмшiлiк шығындар 001 Орталық органның аппараты 016 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi резервiнiң есебiнен iс-шаралар өткiзу 023 Өкiлеттiк шығындарға арналған қаражат есебiнен iс-шаралар өткiзу 029 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Үкiметтiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн орындау";
Тармақ 2
2. Бюджеттiк саясаты және жоспарлау департаментi (Б.T.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментiмен (E.E.Исаев) бiрге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 10 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.