О внесении изменения N 5 в приказ и.о. Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 29 декабря 2003 года N 201 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан", зарегистрированный за N 2647 Күшін жойған
Басқа 0
N 2647 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына N 5 өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Тіркелген N 2647 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына (2004 жылғы 3 сәуірдегі N 54 "N 2647 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына, N 1 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" - тіркелген N 2806; 2004 жылғы 25 мамырдағы N 77 "Тіркелген N 2647, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына N 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" - тіркелген N 2884) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет кірістерінің сыныптамасында:
4 "Алынған ресми трансферттер" санатында 01 "Төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан алынатын трансферттер" сыныбындағы 2 "Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен алынатын трансферттер" кіші сыныбында 18 ерекшелігінде "Астана қаласының бюджетінен алынатын бюджеттік алу" деген бағанда "01.01.2003" деген сандар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.