О внесении изменений и дополнений N 51 в Единую бюджетную классификацию Қолданыста
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 51 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" бұйрығына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне:
Тармақша 1
1) бюджет кiрiстерiнiң жiктемесiне:
1 "Салықтық түсiмдер" санатында 7 "Басқа да салықтар" сыныбында 1 "Басқа да салықтар" iшкi сыныбында:
9-ерекшелiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджетке түсетiн басқа да салықтық түсiмдер"; мынадай мазмұндағы ерекшелiкпен толықтырылсын:
"10 Жергiлiктi бюджетке түсетiн басқа да салықтық түсiмдер";
2 "Салыққа жатпайтын түсiмдер" санаты 1 "Кәсiпкерлiк пен меншiктен түсетiн кiрiстер" сыныбы 2 "Заңды тұлғалардан және қаржы мекемелерiнен түсетiн салыққа жатпайтын түсiмдер" iшкi сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелiктермен толықтырылсын:
"34 Үкiметтiң сыртқы заемдары есебiнен республикалық бюджеттен несиелер бергенi үшiн алынған сыйақылар (мүдделер)
35 Инвестициялық жобаларды бiрлесiп қаржыландыру шеңберiнде республикалық бюджеттен несиелер бергенi үшiн алынған сыйақылар (мүдделер)";
5 "Бюджеттен берiлген несиелердi өтеу" санатында 1 "Бюджеттен берiлген несиелердi өтеу" сыныбында:
2 "Банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, ұйымдардың өтеуi" iшкi сыныбында:
мынадай мазмұндағы ерекшелiкпен толықтырылсын:
"1 Жергiлiктi бюджеттен берiлген директивалық несие бойынша мерзiмi өткен берешектердi қайтару";
2-ерекшелiк мынадай мазмұнда жазылсын:
"Республикалық бюджеттен берiлген директивалық несие бойынша мерзiмi өткен берешектердi қайтару";
5 "Бюджеттен берiлген басқа несиелердi өтеу" iшкi сыныбында мынадай мазмұндағы ерекшелiктермен толықтырылсын:
"5 Үкiметтiң сыртқы заемдары есебiнен республикалық бюджеттен берiлген несиелердi өтеу 6 Инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру шеңберінде республикалық бюджеттен берілген несиелерді өтеу 7 Ретроактивтік несиелендіру негізінде республикалық бюджеттен берілген несиелерді өтеу";
Тармақша 2
2) бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне:
7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
1 "Тұрғын үй шаруашылығы" кіші функциясы мынадай мазмұндағы мем.мекеме-бағдарлама әкімшісімен және бағдарламамен толықтырылсын:
"275 Астана қаласын дамыту бағдарламасына әкімшілік ету департаменті 35 Мемлекеттік қызметшілер үшін Астана қаласында тұрғын үй салу";
3 "Сумен жабдықтау" кіші функциясы мынадай мазмұндағы мем.мекеме-бағдарлама әкімшісімен және бағдарламалармен толықтырылсын:
"275 Астана қаласын дамыту бағдарламасына әкімшілік ету департаменті 33 Вячеслав су қоймасынан бастап Астана қаласына дейін суағардың үшінші желісі құрылысын салу жобасын іске асыру 34 "Қ.Сәтпаев атындағы Ертіс-Қарағанды" каналынан бастап Есіл өзеніне дейін суағар салу".
Тармақ 2
2. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов) департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.