О внесении изменения N 52 в Единую бюджетную классификацию Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бiрыңғай бюджеттiк жiктемеге N 52 өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Z010148_ Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзілсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне: бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiне: 12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында 1 "Автомобиль көлiгi" кiшi функциясында 274 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы" мемлекеттiк мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 46 бағдарламасы мынадай мазмұнда жазылсын: "Ауданаралық (қалааралық), аудан мен елдi мекендер iшiнде қоғамдық жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру".
Тармақ 2
2. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Бюджет департаментi (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.