О внесении дополнения N 54 в Единую бюджетную классификацию Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 54 толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2000 жылғы 26 шілдедегі N 1128 P001128_ "Жекелеген ұйымдарға қатысты мемлекеттік меншіктің түрін өзгерту туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" бұйрығына келесі толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне: бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне: 10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында 2 "Су шаруашылығы" кіші функциясында 105 "Әкімдер аппараты" мем.мекеме-бағдарлама әкімшісі мынадай бағдарламамен толықтырылсын: "48 Су беруге қатыссыз жергілікті сипаттағы гидротехникалық жүйелер мен ғимараттардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету".
Тармақ 2
2. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов) департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.