О внесении изменений и дополнений N 55 в Единую бюджетную классификацию Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 55 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" және 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 536 "Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Жарлықтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бiрыңғай бюджеттік жiктеменi бекiту туралы" бұйрығына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне: бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiне: 2 "Қорғаныс" функционалдық тобында 2 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" кiшi функциясында 105 "Әкiмдер аппараты" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 31-бағдарлама мынадай мазмұнда жазылсын: "Жергiлiктi деңгейдегі жұмылдыру дайындығы бойынша шаралар"; 3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобын 1 "Құқық қорғау қызметi" кiшi функциясы 618 "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi мынадай мазмұндағы бағдарламалармен толықтырылсын: "16 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жою үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражаты есебiнен iс шаралар өткiзу 23 Өкiлеттiк шығыстарға арналған қаражат есебiнен iс-шараларды өткiзу 29 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Резервiнен Үкiметтiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн орындау"; 13 "Басқалар" функционалдық тобын 9 "Өзге де" кiшi функциясы 617 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi мынадай мазмұндағы бағдарламалармен толықтырылсын: "16 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жою үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражаты есебiнен iс шаралар өткiзу 23 Өкілеттік шығыстарға арналған қаражат есебінен іс-шараларды өткізу 29 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Резервінен Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерін орындау";
Тармақ 2
2. 2001 жылғы 1 шілдеден бастап шығыстар мынадай бағдарлама бойынша жүзеге асырылмайды деп белгіленсін: 7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында 2 "Коммуналдық шаруашылық" кіші функциясында 274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы" мем.мекеме-бағдарлама әкімшісі бойынша 72 "Жылу беруші кәсіпорындарды қысқа дайындау шаралары".
Тармақ 3
3. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов) департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.