О внесении изменений и дополнений N 56 в Единую бюджетную классификацию Қолданыста
Басқа 0
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға N 56 өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 26 маусымдағы N 866 P010866_ және "Жекелеген мемлекеттiк жоғарғы оқу орындарын қайта атау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы N 892 P010892_ қаулыларына сәйкес, сондай-ақ "2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 17 қаңтардағы N 9-2 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 5 маусымдағы N 12-1 шешiмiн назарға ала отырып
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
бюджеттiк шығыстардың функционалдық сыныптамасында:
3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобында 1 "Құқық қорғау қызметi" кiшi функциясында 618 "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi" мемлекеттiк мекеме-бағдарлама әкiмшi бойынша 3 "Ақпараттық-есептеу қызметiн көрсету" бағдарламасынан кейiн мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
"30 Қаржы полициясы органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету";
4 "Бiлiм беру" функционалдық тобында 6 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби бiлiм" кiшi функциясында 225 "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" мемлекеттiк мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 9 "Республикалық деңгейде жоғары оқу орындарында кадрлар дайындау" бағдарламасында:
33 "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнде кадрлар дайындау" кiшi бағдарламасындағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
35 "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнде оқитын студенттердi стипендиямен қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасындағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
39 "Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттiк өнер академиясы" кiшi бағдарламасындағы "мемлекеттiк" деген сөз "ұлттық" деген сөзбен ауыстырылсын;
40 "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттiк консерваториясы" кiшi бағдарламасындағы "мемлекеттiк" деген сөз "ұлттық" деген сөзбен ауыстырылсын;
12 "Көлік және байланыс" функционалдық тобына 1 "Автомобиль көлiгi" кiшi функциясына 274 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы" мемлекеттiк мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 50-бағдарламаның 31 "Қалалардың және басқа да елдi мекендердiң көшелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасынан кейiн мынадай мазмұндағы 51-бағдарламамен толықтырылсын:
"51 Орал қаласы ауданында Орал өзенi арқылы көпiр салу үшiн темiр бетондық көпiр конструкцияларын сатып алу".
Тармақ 2
2. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.