О внесении изменения N 57 в Единую бюджетную классификацию Күшін жойған
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 57 өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
263 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт және туризм бойынша атқару органы" мемлекеттік мекеме бағдарламасы әкімшісі бойынша 3 "Ақпараттық кеңістік" кіші функциясында 8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобындағы 48 бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарихи және мәдени мұраларды сақтау, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын дамытуға жәрдемдесу".
Тармақ 2
2. Заң қызметі департаменті (Қ. Әбдіқалықов) және Мемлекеттік бюджет департаменті (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.