О внесении изменения N 58 в Единую бюджетную классификацию Күшін жойған
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 58 өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
51 бағдарламада 274 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы" бағдарламасының мемлекеттiк мекеме бағдарламаның әкiмшiсi бойынша 1 "Автомобиль көлiгi" кiшi функциясында 12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобындағы "51" деген сан "52" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.