О внесении изменения N 59 в Единую бюджетную классификацию Күшін жойған
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 59 өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1093 P011093_ қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесінде:
бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесінде:
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында 1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар" кіші функциясында 690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" мем.мекеме-бағдарлама әкімшісі бойынша 30 "Сайлаулар өткізу" бағдарламасының 34 кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ауылдық (селолық) округтердің, ауылдардың (селолардың), кенттердің әкімдерін сайлауды өткізу".
Тармақ 2
2. Заң қызметі департаменті (Қ. Әбдіқалықов) және Мемлекеттік бюджет департаменті (Б .Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.