О признании утратившими силу некоторых актов Акима области и внесении изменений и дополнений в решение Акима области N 6-215 от 26 июня 1998 года Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс Әкімінің кейбір актілерінің күшін жою және 1998 жылғы 26 маусымдағы N 6-215 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 19 қаңтардағы "Мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық табиғи парктердің 1999 жылға арналған арнайы есеп шоттарын сақтау туралы" хатына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 1999 жылғы 24 ақпандағы N 156 тапсырмасына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мыналардың күші жойылған деп танылсын: - облыс Әкімінің 1998 жылғы 7 тамыздағы "Облыс Әкімінің 1998 ж. 26 маусымдағы N 6-215 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 8-248 шешімі; - Облыс Әкімінің 1998 жылғы 26 тамыздағы "Облыс Әкімінің 1998 ж. 26 маусымдағы N 6-215 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" N 8-248 шешімі; - Облыс Әкімінің 1998 ж. 26 маусымдағы N 6-215 шешіміне N 1 қосымшасы.
Тармақ 2
2. Облыс Әкімінің 1998 жылғы 26 маусымдағы "Ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы алу туралы" N 6-215 шешіміне мынадай өзгертулер енгізілсін. Үшінші тармақ келесі редакцияда баяндалсын: "Жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланудан түсетін қаржы облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына, ал мемлекеттік парктер мен қорықтардан түсетін қаржы осы мекемелердің арнаулы есеп шоттарына жолдансын".
Тармақ 3
3. Алматы облысының ерекше қорғалатын аумақтарын пайдаланғаны үшін төлемдердің мөлшері N 1 қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 4
4. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (Батырбеков Р.М.), Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат паркі (Мырзабеков Ж.М.), "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғат паркі (Тұрғанбаев Г.Т.): - ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы алуды N 1 қосымшаға сай мөлшерде ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Алматы облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасы (Чукарин В.Ф.), Талдықорған орман - аң аулау шаруашылығы (Демесінов А.), аудандар мен қалалар әкімдері Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына ғимараттарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы алуға қажетті жабдықтарды, өткізіп беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ә.Ә. Тойбаевқа жүктелсін.
Басқа 7
Алматы облысы Әкімінің 1999 жылғы 7 маусымдағы шешіміне қосымша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру төлемдерінің мөлшері № р/с Аталуы Төлем мөлшері, теңге Қазақстан Республикасы Басқа мемлекеттер 1. Жеке тұлғалар: үлкендер 100 100 мектеп жасындағы балалар 50 50 2. Автокөлік: а) 5 орынға дейін, жүргізушіні қосқанда 300 500 б) 6-дан 10 орынға дейін, жүргізушіні қосқанда 500 800 в) 10-нан артық орын (автобус), әр жолаушыдан 100 200 г) жүк таситын 650 800 д) бағытта автобустань алынатын төлем, бір жылға 15000 - 3. Жыл бойы аумаққа кіру құқығын беретін жолдама 8000 8000 4. Стационарлық санаторий-курорттық объектілерден (демалыс үйлері, пансионаттар, турбазалар, балалар лагерлері), ұлттық парктің ішінде орналасқан кәсіпорындардан, ұйымдардан, меншіктің барлық түріндегі мекемелерден табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы, айына 1 га. үшін есебімен 4000 6000 5. Маусымдық рекреациондық учаскелерді пайдаланғаны үшін ақы, айына 1 га үшін есебімен 14000 14000 6. Қоғамдық тамақтандыру пункттеріне бөлінген учаскелерді пайдаланғаны үшін ақы айына 0,01 га үшін есебімен 2500 3000 7. Тұрақты тұрғындар мен саяжай иелерінен және ұлттық парк аумағындағы мекемелерде істейтін қызметкерлерден табиғи ресурстарды пайдаланғаны, рекреациондық салмақ, жыл бойы аумаққа кіргені үшін төлемақы 150 -
Тармақша х
х) Төлемдер сомасы ең төмен есептеу көрсеткішіне шаққандағы процентпен есептеледі. Ескерту:
Тармақ 1
1. Ұйымдасқан туристік топтардан ақы табиғат қорғау мекемелері көрсететін қызмет калькуляциясына сай алынады.
Тармақ 2
2. Ерекше қорғалатын аумақтар арқылы транзитпен өту үшін ақы мына мөлшерде: 15 орынға дейінгі жеңіл автомобильдер мен микроавтобустардан, Қазақстан Республикасы үшін - 0,3 басқа республикалар үшін - 0,6; 15-тен жоғары орынды автобустардан сәйкес 1 және 2; 3,5 тоннадан 16 тоннаға дейінгі жүк машинасынан - 1,5 және 3; 16 тоннадан артық - 3 және 4,5 ең төменгі есептеу көрсеткіштерімен алынады.
Тармақ 3
3. Ақы төлеуден тек ҰОС (ВОВ) қатысушылары мен оларға теңестірілгендер, барлық топтағы мүгедектер, мектеп жасына дейінгі балалар босатылады. ҰҚК, құқық қорғау, салық, кеден кызметі, МТЖК (ГКЧС), әкімшіліктер қызметкерлері қызмет сапарларының қажеттілігін құптайтын құжаттары болған жағдайда тегін өтеді.
Тармақ 4
4. Коммерциялық тасымал үшін пайдаланылатын автокөлік және автомобиль әкеле жатқан жеке тұлғалар ақы төлеуден босатылмайды.