О внесении дополнения N 6 в приказ и.о. Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 29 декабря 2003 года N 201 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан", зарегистрированный за N 2647 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тіркелген N 2647, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына N 6 толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына (Қазақстан Республикасының құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген N 2647 оған Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің енгізілген өзгерістер мен толықтырулары 2004 жылғы 3 сәуірдегі N 54 - тіркелген N 2806; 2004 жылғы 25 мамардағы N 77 - тіркелген N 2884) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 13 "Өзге де" функционалдық тобында 9 "Өзге де" кіші функциясында 272 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік сатып алу атқарушы органы" бағдарлама әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 9 бағдарламамен толықтырылсын: "9 Жергілікті деңгейде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық стратегиясын бекіту".
Тармақ 2
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.