О внесении изменений и дополнений N 60 в Единую бюджетную классификацию Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 60 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715  V991058_  бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiнде: бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiнде:
Тармақша 1
1) 5 "Денсаулық сақтау" функц.тобында 1 "Кең бейіндi ауруханалар" кiшi функциясында: 124 "Павлодар облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша: 17 "Әлеуметтiк қызметтердi реформалауда қолдау көрсету" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 86-кiшi бағдарламамен толықтырылсын: "86 Жергiлiктi деңгейде сыртқы заемдар есебiнен жобаны iске асыру"; 17-бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын: "Әлеуметтiк қорғау жобасы"; 129 "Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша: 17 "Әлеуметтiк қызметтердi реформалауда қолдау көрсету" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 86-кiшi бағдарламамен толықтырылсын: "86 Жергiлiктi деңгейде сыртқы заемдар есебiнен жобаны iске асыру"; 17-бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын: "Әлеуметтiк қорғау жобасы";
Тармақша 2
2) 7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функц.тобында 3 "Сумен жабдықтау" кiшi бағдарламасында" 275 "Астана қаласының даму бағдарламаларын әкiмшiлендiру жөнiндегi департамент" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 33 "Вячеслав су қоймасынан бастап Астана қаласына дейiн суағардың үшiншi желiсiн салу" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 30 және 31-кiшi бағдарламалармен толықтырылсын: "30 Жергiлiктi деңгейде республикалық бюджеттен алынатын трансферттер есебiнен жобаны iске асыру 31 Жергiлiктi деңгейде жергiлiктi атқарушы органның заемдары есебiнен жобаны iске асыру"; 8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функц.тобында: 3 "Ақпараттық кеңiстiк" кішi функциясында мынадай мазмұндағы 264 мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсiмен және 30, 31-бағдарламалармен толықтырылсын: "264 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық қарым-қатынастар және iшкi саясатты талдау атқарушы органы 30 Жергiлiктi деңгейде газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргiзу 31 Жергiлiктi деңгейде телерадио хабар тарату арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргізу"; 9 "Мәдениетті, спортты және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер" кiшi функциясы мынадай мазмұндағы 264-бағдарлама мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсiмен, 2-бағдарламамен 3-кіші бағдарламамен 2-бағдарламамен және 16, 23, 25, 32-бағдарламалармен толықтырылсын: "264 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық қарым-қатынастар және iшкi саясатты талдау атқарушы органы 2 Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар 3 Жергiлiктi органдардың аппараттары 16 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң есебiнен iс-шаралар өткiзу 23 Өкiлеттiк шығыстарға арналған қаражат есебiнен iс-шаралар өткiзу 25 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражаты есебiнен iс-шаралар өткiзу 32 Аймақтық жастар саясатын өткiзу"; 13 "Басқалар" функц.тобында 9 "Өзге де" кiшi функциясында мынадай мазмұндағы 264-мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi және 33-бағдарламамен толықтырылсын: "264 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық қарым-қатынастар және iшкi саясатты талдау атқарушы органы 33 Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғылық қорына төленетiн жарналар".
Тармақ 2
2. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап шығыстар мынадай кiшi бағдарламалар бойынша жүзеге асырылмайды деп белгiленсiн: 5 "Денсаулық сақтау" функц.тобында 1 "Кең бейiндi ауруханалар" кiшi функциясында: 124 "Павлодар облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 17 "Әлеуметтiк қызметтердi реформалауда қолдау көрсету" бағдарламасында 82 "Республикалық бюджеттен берiлген трансферттер есебiнен жобаны жергiлiктi деңгейде iске асыру" кiшi бағдарламасы; 129 "Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 17 "Әлеуметтiк қызметтердi реформалауда қолдау көрсету" бағдарламасында 82 "Республикалық бюджеттен берiлген трансферттер есебiнен жобаны жергiлiктi деңгейде iске асыру" кiшi бағдарламасы.
Тармақ 3
3. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б. Сұлтанов) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы, 2) тармақшасының бiрiншi, екiншi, үшiншi абзацтары және 2-тармағы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. <*> Ескерту: 4-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы N 13   V021773_   бұйрығымен .
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.