О внесении изменения N 61 в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 1999 года N 715 "Об утверждении Единой бюджетной классификации" Күшін жойған
Басқа 0
"Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 61 өзгерiс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу және оларды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010247_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қазандағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамада:
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
1 "Ағымдағы шығыстар" санатында:
1 "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығыстар" сыныбында:
110 "Жалақы" сыныпшасында 114-ерекшелiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары".
Тармақ 2
2. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.