О внесении изменений в решение Акима города Алматы N 623 от 12 июля 1999 года по вопросам лицензирования фармацевтической деятельности в городе Алматы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Алматы қаласында фармация қызметiн лицензиялау бойынша Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылы 12 шiлдедегi N 623 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 2001.07.11. N 1/72 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының айрықша мәртебесi туралы" Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жөнiндегi Агентствосының 2001 жылы Бұйрығына сәйкес Алматы қаласының Әкiмi шешiм қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылы 12 шiлдедегi N 623 "Алматы қаласында кейбiр қызмет түрлерi лицензиялау туралы" шешiмiне келесi өзгертулер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 1-шi пункттегi: "- дәрi-дәрмектердi дайындау және тарату (құрамында есiрткiсi жоқ және ақыл-еске әсер ететiн өсiмдiк пен шөптер жинау, өсiру және малдардың емдеу мүшелерiнен басқасы)" деген сөз алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) N 1 қосымшаның 4-шi пункт келесi мазмұнда оқылсын: "4. Алматы қаласы Денсаулық сақтау департаментiнiң жанындағы сарапшылар комиссиясы – медицина және емдеу қызметiне қорытынды бередi".