О внесении изменений в решение Акима города Алматы N 623 от 12.07.99 г. "О лицензировании отдельных видов деятельности в городе Алматы" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылы 12 шiлдедегi N 623 "Алматы қаласында кейбiр қызмет түрлерiн лицензиялау туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 07.11.2001 N 1/72 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Заңына, сонымен қатар лотерея ойындарын ұйымдастыру және жүргiзу қызметiн лицензиялау құқығын Қазақстан Республикасының Кiрiс министрлiгiне берiлгенiне байланысты, Алматы қаласының Әкiмi шешiм қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылы 12 шiлдедегi N 623 "Алматы қаласында кейбiр қызмет түрлерi лицензиялау туралы" шешiмiне келесi өзгертулер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 1-шi пункттегi: "казино және тотализатор" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) 1-шi пункттегi 8 жаңа жол келесi мазмұнмен оқылсын: "Алматы қаласында лотереяны жүргiзу және ұйымдастыру (мемлекеттiкi, (ұлттық) емес), тотализаторлар, казинолар;".
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылы 12 шiлдедегi N 623 "Алматы қаласында кейбiр қызмет түрлерi лицензиялау туралы" шешiмiнiң N 1 қосымшасына келесi өзгертулер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 6-шi пункт алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) 7-шi пункт келесi мазмұнда оқылсын: "7. Алматы қаласы Салық комитетiнiң жанындағы сарапшылар комиссиясы -"Алматы қаласында лотереяны жүргiзу және ұйымдастыру (мемлекеттiкi, (ұлттық) емес), тотализаторлар, казинолар қызметiне қорытынды бередi.".