О внесении дополнения N 7 в приказ и.о. Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 29 декабря 2003 года N 201 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан", зарегистрированный за N 2647 Күшін жойған
Басқа 0
Тіркелген N 2647 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына N 7 толықтыру енгізу туралы
-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
Тармақ 59
59. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 26 қазандағы N 151 (тіркелген N 3180) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2647" бұйрығына N 7 толықтыру енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 3 сәуірдегі N 54 - тіркелген N 2806; 2004 жылғы 25 мамырдағы N 77 - тіркелген N 2884; 2004 жылғы 2 шілдедегі N 98 - тіркелген N 2932; 2004 жылғы 2 тамыздағы N 144 - тіркелген N 3024 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 2647) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
04 "Білім беру" функционалдық тобында "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру" деген 6 кіші функция мынадай мазмұндағы 015 бағдарламасы бар 221 әкімшімен толықтырылсын:
"221 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
015 Жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлау".
Тармақ 2
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М. Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д. Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.