О внесении дополнений N 76 в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 1999 года N 715 "Об утверждении Единой бюджетной классификации" Күшін жойған
Басқа 0
"Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 76 толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында:
5 "Қоршаған ортаны қорғау" кіші функциясындағы 256 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі атқарушы органы" бағдарлама әкімшісі мынадай мазмұндағы 030 және 031-бағдарламаларымен толықтырылсын:
"030 Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу
031 Табиғатты қоршау объектілерінің құрылысын салу және қайта жаңарту";
9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да қызметтер" кіші функциясындағы 257 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылық атқару органы" бағдарлама әкімшісі мынадай мазмұндағы 038-бағдарламамен толықтырылсын:
"038 Республика меншігінде тұрмайтын ауыл шаруашылық ұйымдарының банкроттық рәсімдерін өткізу";
13 "Басқалар" функционалдық тобында 9 "Басқалар" кіші функциясының 272 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік сатып алу атқарушы органы" бағдарлама әкімшісі мынадай мазмұндағы 035-бағдарламамен толықтырылсын:
"035 Инновациялық қызметті қолдау".
Тармақ 2
2. Заң қызметі департаменті (Н.А.Қалиева) және Мемлекеттік бюджет департаменті (Б.Т.Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.