О внесении изменения в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан N 8 "О судебной практике по делам о хищениях" от 11 июля 2003 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу жөніндегі наразылығында келтірілген уәждерді талқылай келіп, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты онда қанағаттандыру үшін құқықтық негіздердің жоқ екендігін атап көрсетеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген қылмыстарды бірнеше рет жасалу және жиынтық белгілері бойынша дәрежелеу мәселелері тек бөтеннің мүлкін иемденуге ғана емес, сонымен бірге қылмыстың басқа құрамдарына да қатысты екенін және мұның өзі қылмыстық істердің тиісті санаттары бойынша сот тәжірибесін қорытуды және зерделеуді қажет ететінін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысының 24-тармағының бірінші абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.