О внесении изменений и дополнений N 8 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 23 сентября 2002 года N 3 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан", зарегистрированный за N 2012 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылғы 16 қазандағы мемлекеттік тіркелімі N 2012 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 бұйрығына N 8 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. N 2012 мемлекеттік тіркеуден өткен "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 бұйрығына (2002 жылғы 1 қазанда N 5 - N 2013 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2002 жылғы 17 қазанда N 10 - N 2018 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2002 жылғы 25 қараша N 27 - N 2094 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37 - N 2101 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 43 - N 2086 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 52 - N 2119 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 10 - N 2170 мемлекеттік тіркеуден өткен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
Тармақша 1
1) бюджет кірістерінің сыныптамасында: 1 "Салық түсімдері" санатындағы 04 "Меншік салығы" сыныбындағы 3 "Жер салығы" кіші сыныбында: 01 және 02 ерекшеліктері мынадай редакцияда жазылсын: "01 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 02 Елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы"; мынадай мазмұндағы 07 және 08 ерекшеліктерімен толықтырылысын: "07 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы 08 Елді мекендер жерлеріне заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы"; 2 "Салықтық емес түсімдер" санатында: 03 "Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсімдер" сыныбындағы 1 "Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсімдер" кіші сыныбы мынадай мазмұндағы 16 ерекшелігімен толықтырылсын: "16 Монополияға қарсы заңдарды бұзу нәтижесінде алынған аударылған кірістер"; 04 "Кредиттер бойынша сыйақы (мүдде)" сыныбындағы 01 "Заңды тұлғаларға республикалық бюджеттен кредиттер бергені үшін алынған сыйақы (мүдде)" кіші сыныбы мынадай мазмұндағы 07, 08 және 09 ерекшеліктермен толықтырылсын: "07 Шағын кәсіпкерлікті дамытуға берілген кредиттер бойынша сыйақы 08 Өнім өңдеу кәсіпорындары үшін жабдық лизингі шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы 09 Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ететін заңды тұлғаларға берілген кредиттер бойынша сыйақы"; 5 "Кредиттерді қайтару" санатындағы 01 "Ішкі кредиттерді қайтару" сыныбындағы 1 "Заңды тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару" кіші сыныбы мынадай мазмұндағы 16, 17 және 18 ерекшеліктерімен толықтырылсын: "16 Шағын кәсіпкерлікті дамытуға берілген кредиттерді қайтару 17 Өнім өңдеу кәсіпорындары үшін жабдық лизингі шеңберінде берілген кредиттерді қайтару 18 Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ететін заңды тұлғаларға берілген кредиттерді қайтару";
Тармақша 2
2) бюджет шығыстарының функциональдық сыныптамасында: 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер" функциональдық тобындағы 2 "Қаржы қызметі" кіші функциясында: 277 "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының атқарушы органы" бағдарламасының әкімшісі бойынша: 029 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен соттардың шешімдері бойынша Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің міндеттемелерін орындауы" бағдарламасы алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 070 және 097 бағдарламалармен толықтырылсын: "070 Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы атқарушы органының материалдық-техникалық базасын күшейту 097 Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау"; 10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функциональдық тобында: 2 "Су шаруашылығы" кіші функциясы мынадай мазмұндағы 037 бағдарламасы бар 259 бағдарлама әкімшісімен толықтырылсын: "259 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық меншіктің атқарушы органы 037 Су берумен байланысты емес Астана қаласының гидротехникалық жүйелері мен құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету"; 256 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі атқарушы орган" бағдарлама әкімшісі бойынша 5 "Қоршаған ортаны қорғау" кіші функциясы мынадай мазмұндағы 028 бағдарламасымен толықтырылсын: "028 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің белгіленген тәртіппен тіркелген шарттық міндеттемелері бойынша кредиттік берешегін өтеу"; 257 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылығы, орман және хайуанаттар дүниесін қорғау жөніндегі атқарушы орган" бағдарлама әкімшісі бойынша 9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де қызмет көрсетулер" кіші функциясында 070 бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: "070 Ауыл шаруашылығы, орман және хайуанаттар дүниесін қорғау жөніндегі атқарушы органның материалдық-техникалық базасын нығайту".
Тармақ 2
2. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енгізіледі және 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.