О внесении дополнения N 8 в приказ и.о. Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 29 декабря 2003 года N 201 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан", зарегистрированный за N 2647 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тіркелген N 2647 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына N 8 толықтыру енгізу туралы -----------Бұйрықтан үзінді---------- "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 бұйрығына қосымша Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекiту бойынша бұйрық тізбесі 60. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 22 қарашадағы N 158 (тіркелген N 3216) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2647" бұйрығына N 8 толықтыру енгізу туралы" бұйрығы... ------------------------------------- БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 3 сәуірдегі N 54 - тіркелген N 2806; 2004 жылғы 25 мамырдағы N 77 - тіркелген N 2884; 2004 жылғы 2 шілдедегі N 98 - тіркелген N 2932; 2004 жылғы 19 шілдедегі N 104 - тіркелген N 2991; 2004 жылғы 2 тамыздағы N 144 - тіркелген N 3024; 2004 жылғы 26 қазандағы N 151 - тіркелген N 3180 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 2647) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобында "Мәдениет саласындағы қызмет" деген 01 кіші функция мынадай мазмұндағы 004 бағдарламасы бар 101 әкімшімен толықтырылсын: "101 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі 004 Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау".
Тармақ 2
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.