О внесении изменений в решение Акима Восточно-Казахстанской области N 806 от 4 февраля 2000 года Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнің 2000 жылғы 4 ақпандағы N 806 шешiмiне өзгертулер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 28 шілдегі N 90 шешімімен.
"Зырян қорғасын комбинаты" ашық акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiнің 2000 жылғы 26 ақпандағы отырысының шешiмi негiзiнде ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнің 2000 жылғы 4 ақпандағы N 806 шешiмiнің 4 тармағы өзгертiлiп, мынадай редакцияда оқылсын: "Зырян қорғасын комбинаты" ашық акционерлiк қоғамы (П.Г.Митрофанов), Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы (Ж.Қ.Егiзбаев) Зырян кенiшiн тарату бойынша мердiгерлiк жұмыстарды орындағаны үшiн жартылай төлемақы есебiнде Зырян кенiшiнің жабдықтары мен мүлкiн олардың қалдық құны бойынша "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамына берудi ұйымдастырсын. Зырян кенiшiнің таукен өндiрiмдерi, жер үстiндегi ғимараттар мен құрылыстары кенiштi тарату жөнiндегi бекiтiлген және келiсiлген жобаға сәйкес таратылсын".