О реализации постановления Правительства Республики Казахстан N 840 от 04.09.98 года "Об утверждении Правил о порядке уплаты и ставках сборов за право реализации товаров (работ, услуг) на рынках Республики Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
"Казақстан республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды,
қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы" Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 840 қаулысын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 19.03.2002 № 38 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 840 "Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құкығы үшін ақы төлеудін тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы Ережені бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы, аудан әкімдеріне:
- жоғарыда көрсетілген қаулыдағы базарларда тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құкығы үшін акы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы Ереже қатаң басшылыққа алынсын;
- уәкілілетті және құзыретті органдар қабылдайтын, актілермен бекітілген,базарлардағы сауда ережелеріне және оларға қойылатын санитарлық талаптарға сәйкес базарлардың санаттары айкындалсын;
- базарларда тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін алым ақыны меншіктік нысанына карамастан, оларға уәкілеттік берген органдар, не базар әкімшіліктері арқылы өндіріп алуды қамтамасыз етсін;
- фискальды зердесі бар бақылау-касса аппараттарын қолданбастан алым ақыны алуға тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
- 1995 жылғы 25 тамыздағы № 138 облыс әкімшілігі басшысының «Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшін алым туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 12 шілдедегі № 955 қаулысын жүзеге асыру туралы қаулысы;
- 1996 жылғы 15 сәуірдегі № 249 облыс Әкімінің "Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшін алым
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі № 955 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 23 ақпандағы № 234 қаулысын жүзеге асыру туралы шешімі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық (Е. Ж. Имантаев) жүктелсін.