О внесении изменений и дополнений в решение акима Восточно-Казахстанской области N 955 от 4 декабря N 421 Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы N 955, мемлекеттік тіркеу нөмірі 421 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 37-бабының 8-тармағын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. "Шығыс Қазақстан облысының Ведомствоаралық авиациялық-патруль инспекциясын құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылғы 4-желтоқсандағы N 955, тіркеу нөмірі N 421 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) шешімнің 1 тармағындағы, шешім қосымшасының 1 тармағындағы "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметі авиабөлімшесінің" сөздері, шешімнің 2 тармағындағы "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметі", шешім қосымшасының 6-тармағындағы "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің" сөздері "Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі жедел отряды" мемлекеттік мекемесінің" деп өзгертілсін;
Тармақша 2
2) шешімнің 3-тармағы "Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының бастығы (В.Р.Колесников),..." деп басталып, "қызметінің бастығы" сөздері "қызметі" сөзіне өзгертіліп, "(В.П.Коншу)," сөзі "(С.Ю.Дырин)," сөзімен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) шешім қосымшасының 1-тармағында "(бұдан былай ВАПИ)-" сөздерінен кейін "Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығының басқармасы," деп жазылсын, "ережелерінің орындалуына" сөздерінен кейінгі "мемлекеттік" сөзі алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) шешім қосымшасының 4-тармағының 1) тармақшасының төртінші азатжолында "қорықтарда, қорықшаларда және басқа да қорғалған аймақтарда" сөздері "ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда" деп өзгертілсін;
Тармақша 5
5) шешім қосымшасының 7 тармағындағы "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің" сөздері, 8-тармақтағы "ШҚО МҐҚҚ" сөздері "Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының" деп, 13 тармақтағы "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметіне" деген сөздер "Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығының басқармасына" деп өзгертілсін;
Тармақша 6
6) шешім қосымшасының 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "ВАПИ құрылымы мен штаттық саны Шығыс Қазақстан облысы әкімінің келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының бастығымен белгіленеді";
Тармақша 7
7) шешім қосымшасының 15-тармағындағы "өкілінің" сөзі "орынбасарының" сөзіне өзгертілсін; "төрағалығымен" сөзінен кейін "Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығының басқармасы," деп жазылсын;
Тармақша 8
8) шешімнің 4-тармағы алынып тасталсын;
Тармақша 9
9) 5-тармақтағы "Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына (Ибраев Т.Т.)" сөздері "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д.М.Селихановқа" деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Шешім мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын:
Тармақша 1
1) "6. Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығының басқармасы (В.Р.Колесников), Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметі (С.Ю.Дырин), Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншік басқармасы (Ж.К.Егізбаев) осы шешімді іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.";
Тармақша 2
2) "7. Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы (А.А.Құрманғалиев) бюджеттік комиссияның қарауына тиісті бюджеттік бағдарламаларды анықтау бойынша ұсыныстар енгізсін.".
Тармақ 3
3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кїннен бастап кїшіне енеді.