Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
167-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ
· толық сәйкестік кестесі
1. Модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланылатын жерi бойынша салық органдарына есепке қоюға жатады.
2. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою мынадай негіздердің бірі:
1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;
2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша – бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді фискалдық деректер операторы салық органдарына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен береді.
3. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын салық органына есепке қою үшін:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш;
2) фискалдық режимді орнатпастан іске қосу мүмкін болатын, салық төлеуші туралы мәліметтер қамтылатын бақылау-касса машинасы;
3) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы мен тауар чектерінің кітабы ұсынылады.
4. Деректерді беру функциясы жоқ аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын есепке қою кезінде салық органына мынадай құжаттар:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш;
2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша сипаты;
3) салық органында есепке қою үшін өтініш жасалған аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулық ұсынылады.
5. Салық органы бақылау-касса машиналарын есепке қою кезінде осы баптың 2-тармағында көзделген негіздердің бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін беруді және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын қалыптастыруды жүргізеді.
6. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының, тауар чегінің, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-167/