Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
209-бап. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандарын қабылдау
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ
· толық сәйкестік кестесі
1. Салық нысандары салық органдарына осы Кодексте және уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
2. Салық нысандарын салық органдарына ұсыну күні оларды ұсыну тәсіліне қарай:
1) келу тәртібімен ұсынған кезде – салық органдарының немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қабылдаған күні;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынған кезде – пошта немесе өзге байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;
3) электрондық нысанда ұсынған кезде – жүйеде қабылданған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілетін электрондық хабарламада көрсетілген, салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.
3. Салық органдарының жүйесі салық нысандарын қабылдаған және өңдеген кезде оның толықтығын және оны толтырудың дұрыстығын тексеруден тұратын форматтық-логикалық бақылау жүргізіледі.
4. Жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуы туралы ақпарат осы баптың 2-тармағында белгіленген, жеке тұлғалардың декларациялары ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
5. Салық нысандары, мынадай жағдайлардың біреуі немесе бірнешеуі болған кезде:
1) салық нысандары уәкілетті орган белгілеген нысандарға сәйкес келмесе;
2) салық нысанында салық органының коды көрсетілмесе;
3) салық нысанында салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
4) салық нысанында салықтық кезең көрсетілмесе;
5) салық нысанында активтер мен міндеттемелер туралы декларация жасалған күн көрсетілмесе;
6) салық нысанында салықтық есептіліктің түрі көрсетілмесе;
7) салықтық есептілікке қол қойылмаса және (немесе) өзінің атауы бар мөрмен куәландырылмаса;
8) форматтық-логикалық бақылаудың салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі қабылдамаған кезде салықтық есептілікте «Өндеуден бас тартылды» деген өңдеу мәртебесі болса;
9) салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда салықтық есептілікті ұсыну тәсіліне қатысты осы Кодекстің 212-бабы 1-тармағының талаптары бұзылса;
10) осы Кодекстің 412-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда – салықтық кезең ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері қосылған құн салығы бойынша декларациямен бір мезгілде ұсынылмаса;
11) қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілік салық органының шешімімен көрсетілген салық бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін келу тәртібімен ұсынылмаса, салық органдарына ұсынылмады деп есептеледі.
12) салықтық есептілікті тіркелуі заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ұсынса;
13) қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағы 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған тұлғалар ұсынса, салық органдарына ұсынылмады деп есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-209/