О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

223-бап. Салық салу объектілері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Мыналар корпоративтік табыс салығын салу объектілері болып табылады:
1) салық салынатын кіріс;
2) төлем көзінен салық салынатын кіріс;
3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент – заңды тұлғаның таза кірісі;
4) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі;
5) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі;
6) 2025 жылдағы мынадай кірістер сомасы түрінде айқындалатын кіріс: мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімі (мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден болатын залалдарға азайтылған), осы Кодекстің 279-бабына сәйкес айқындалған, бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша кірістер (бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша залалдар сомасына азайтылған), бір жылға дейінгі мерзімге жасасылған репо операциялары бойынша сыйақылар (бір жылға дейінгі мерзімге жасасылған репо операциялары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасына азайтылған); мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде бір жылға дейінгі мерзімге орналастырылған салымдар (депозиттер) бойынша сыйақылар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-223/