О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

233-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма;
2) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін – салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес, басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығы басқаға берілген күні борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салықтық кезеңде танылады.
2. Борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма кредиттер (қарыздар, микрокредитдар) бойынша талап ету құқығын сатып алатын және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген салық төлеушінің талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірісі болып табылады. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс оң айырма туындайтын (ұлғаятын) салықтық кезеңде танылады. Бұл ретте бұрын алдыңғы салықтық кезеңдерде танылған оң айырма ескерілмейді.
3. Борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) бойынша талап ету құқығын сатып алатын салық төлеушінің талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс оң айырма туындайтын (ұлғаятын) салықтық кезеңде танылады. Бұл ретте, алдыңғы салық кезеңдерінде бұрын танылған оң айырма ескерілмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-233/