О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

249-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы мынадай шығыстарды:
1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қайтаруға жататын (қайтарылған) сатып алу сомалары мен сақтандыру сыйақыларын (жарналарын);
3) қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушыға төленуге жататын (төленген) сақтандыру сыйақыларын (жарналарын);
4) осы Кодекстің 250-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін ұлғайтуды;
5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттеріне және сақтандыру брокерлеріне төлемдерді;
6) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының кіріс алуға бағытталған қызметке байланысты өзге шығыстарын шегерімге жатқызуға құқылы. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметіне байланысты шегерімдер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген есептілік деректері негізінде айқындалады.
2. Осы баптың ережелері өздері бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кіріс 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.
3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген, өздері бойынша сақтандыру жарналары түріндегі кірістер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін де танылатын жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша:
1) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай формула бойынша айқындалады: Ш х (А/Б), мұнда: Ш – есепті салықтық кезеңде төленуге жататын (төленген) шығыстар; А – 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салықтық кезеңде шығыстар есепке жазылған күнге дейін алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары; Б – шарт күшіне енген күннен бастап есепті салықтық кезеңде шығыстар есепке жазылған күнге дейін алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шығыстарды шегеру 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес танылған сақтандыру сыйлықақысы (жарнасы) түріндегі кіріс сомасынан аспауға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-249/