О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

284-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Аяқтау әдісін қолданған кезде есепті салықтық кезеңде салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс мынадай тәртіппен айқындалады: ұзақ мерзімді келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде ол бойынша алынуға жататын осы келісімшарт бойынша жалпы кіріс сомасы мен ағымдағы салықтық кезеңде осындай келісімшартты орындау үлесінің көбейтіндісі алу алдыңғы салықтық кезеңдерде салық салу мақсаттарында осындай ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзімді келісімшартты орындау үлесі мынадай формула бойынша есептеледі: А/(А+Б), мұнда: А – ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша алдыңғы және есепті салықтық кезеңдер үшін осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылған шығыстар; Б – ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау үшін кейінгі салықтық кезеңдерде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуге тиіс, ұзақ мерзімді келісімшартты қолданудың кейінгі салықтық кезеңдерінде шегерімге жатқызуға жататын, ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салықтық кезеңде осындай ұзақ мерзімді келісімшарттың орындалу үлесі бірге тең.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-284/