О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

295-бап. Жалпы ережелер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 333. Общие положения сәйкестік: жоғары · толық сәйкестік кестесі
Бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы екі рет салық салынуға жатпайды. Қосарланған салық салу мынадай ережелерді қолдану арқылы жойылады:
1) осы Кодекстің 296-бабына сәйкес салық салудан босату;
2) осы Кодекстің 297-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын түзету;
3) осы Кодекстің 297-бабының 4-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын азайту;
4) осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызу.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-295/