Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
31-бап. Салықтық міндеттеме
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салықтық міндеттеме деп танылады, соған орай салық төлеуші осы Кодекстің 36-бабының
2-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасауға міндетті.
2. Мемлекеттің салық органы арқылы салық төлеушіден (салық агентінен) салықтық міндеттемесін толық көлемде орындауды талап етуге, ал салықтық міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, осы Кодексте айқындалған тәртіппен оны қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-31/