Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
317-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу ерекшеліктері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ
· толық сәйкестік кестесі
1.
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент-жеке тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды салық агенті осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы тарауда, осы Кодекстiң 36-тарауының 1-параграфында, 38-тарауында және 657-бабында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
1-1.
Бірыңғай төлем төлеушінің төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды салық агенті осы Кодекстің 89-1-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
2. Резидент-жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы Кодекстiң 36-тарауының 2-параграфында, 39, 40 және 71-тарауларында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
3. Бейрезидент-жеке тұлғаның кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстің 320 және 646-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы Кодекстiң 71 және 74-тарауларында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
4.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстiң 77-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
5.
Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 78-тарауында белгiленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
7. 01.01.2024 дейін қолданыста болды - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-317/