О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

342-бап. Салықтық шегерімдер бойынша жалпы ережелер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Жеке тұлғаның мынадай салықтық шегерім түрлерін қолдануға құқығы бар:
1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде;
2) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерім;
3) стандартты салықтық шегерімдер (бұдан әрі – стандартты шегерімдер);
4) көп балалы отбасылар үшін салықтық шегерімдер;
5) өзге салықтық шегерімдер (бұдан әрі – өзге шегерімдер), олар: ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді; оқытуға арналған салықтық шегерімді; медицинаға арналған салықтық шегерімді; сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қамтиды;
6) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде – нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістерден ұсталатын әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық шегерім.
2. Жеке тұлға:
1) салық агентінде – міндетті зейнетақы жарналары түріндегі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша, стандартты шегерімдерді, көп балалы отбасылар үшін;
2) салық агентінде қолданбаған кезде дербес – міндетті зейнетақы жарналары түріндегі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша, стандартты шегерімдерді, көп балалы отбасылар үшін;
3) дербес – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген салықтық шегерімдерді қолданады.
3. Салық агентінде, сол сияқты жеке тұлға дербес күнтізбелік жылда қолданған көп балалы отбасылар үшін салықтық шегерім мен өзге шегерімдер жалпы сомасының шекті мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 564 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
4. Осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген ерікті зейнетақы жарналары және стандартты шегерім түріндегі салықтық шегерімдер салықтық шегерімдерді қолдану құқығын растайтын құжаттар негізінде қолданылады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде жеке тұлғада сақталады.
5. Салықтық шегерімдер осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәртіптегі реттілікпен қолданылады. Ескертпе. Осы Кодекстің 37-тарауын қолдану мақсатында айлық есептік көрсеткіш деп республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшері түсініледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-342/