О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

419-бап. Шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және (немесе) алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда жазып беріледі. Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады, қосымша шот-фактуралар болған кезде олардың да күші жойылады. Күші жойылған қосымша шот-фактураларды қалпына келтіру үшін түзетілген шот-фактураға қосымша шот-фактуралар жазып беріледі.
2. Түзетілген шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
2) мынадай ақпаратты: шот-фактура түзетілген болып табылатыны туралы белгіні; түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін; күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс.
3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растаулардың бірінің:
1) осы Кодекстің 412-бабының 12-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны қолтаңбаларымен және мөрімен растауы;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырысты хатпен жіберуі және оның алынғаны туралы хабарламаның болуы;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қол қойылған және: заңды тұлғалар үшiн – егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөр болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген; дара кәсiпкерлер үшiн – мөрі болған кезде, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куаландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы қамтылған мөр басылған осындай шот-фактураны алғандығы туралы хаты болуы міндетті.
4. Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуіне келіспейтінін көрсетуге құқылы. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 420-бабында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-419/