О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

458-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш салық органдарынан салық төлеушінің дербес кері қайтарып алуына, сондай-ақ салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына салық төлеуші ұсынған салықтық есептілікті кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш негізінде кері қайтарып алуға жатады.
2. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алуды салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште бұрын көрсетілген мәліметтерге жанама салықтардың сомаларын есептеу үшін салықтық базаның мөлшеріне әсер етпейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда дербес жүргізеді.
3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алуды салық төлеуші мынадай: 1) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қате ұсынылған; 2) салық органы тауар импортының болмау фактісін анықтаған; 3) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште бұрын көрсетілген мәліметтерге жанама салықтардың сомаларын есептеу үшін салықтық базаның мөлшеріне әсер ететін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, оның ішінде осы Кодекстің 459-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, салық органына салықтық өтініш беру арқылы жүргізеді.
4. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен жүргізіледі: 1) салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан өшіріп тастау, ол қате ұсынылған немесе тиісті сапада және (немесе) жиынтықта болмауы себебінен, сондай-ақ салық органы тауар импортының болмау фактісін анықтаған кезде толық көлемде қайтарылған импортталған тауарлар бойынша ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер бойынша қолданылады. Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш, егер осындай өтінішті ұсыну жөніндегі міндет осы Кодексте көзделмеген жағдайда, қате ұсынылған деп есептеледі; 2) ауыстыру, ол кезде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті ұсына отырып, бұрын ұсынылған өтінішті кері қайтарып алу арқылы жүргізеді; 3) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі емес салық органына жіберілген жағдайда өзгерту. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларының мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ауыстыру немесе өзгерту әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебіне қойылған жеріндегі салық органы салық төлеушінің жеке шоттарында мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш бойынша деректерді жеке шотта кейіннен көрсетіп, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы кері қайтарып алынатын өтініште көрсетілген сомаларға түзетпе жасауды жүзеге асырады.
5. Салық төлеушінің тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке:
1) тексерiлетiн салық кезеңi – қосылған құн салығы және салықтық тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген акциздер бойынша кешендi тексерулер мен тақырыптық тексерулер жүргiзу кезеңiнде;
2) шағым жасалатын салық кезеңi – қосылған құн салығы және салық төлеушінің шағымында көрсетілген акциздер бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берiлмейдi.
6. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-458/