О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

49-1-бап. Инвестициялық салық кредиті

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 61. Налоговый период орналасуы бойынша · толық сәйкестік кестесі
1. Инвестициялық салық кредиті салық төлеушілерге белгілі бір мерзім ішінде кредит сомасын кейіннен кезең-кезеңімен төлей отырып, салық бойынша өз төлемдерін 100 пайызға азайту мүмкіндігі берілетін алдағы кезеңдер салықтарын төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді. Инвестициялық салық кредиті корпоративтік табыс салығы және (немесе) мүлік салығы бойынша үш жылға дейінгі мерзімге берілуі мүмкін.
2. Салық төлемдерін азайту тәртібі инвестициялық салық кредиті туралы жасалған келісімде айқындалады.
3. Егер салық төлеушінің залалы болса, залалды ауыстыру осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте, инвестициялық салық кредитінің мерзімі ұзартылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-49-1/