О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

507-бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерiне арналған салықтық мөлшерлемелер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 509-бабында көрсетілген жерді қоспағанда, өнеркәсіп жеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 510-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 505-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 509-бабында көрсетілген жерді қоспағанда, өнеркәсіп жеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 510-бабының 1-тармағында көзделген азайту ескеріле отырып, көрсетілген жерге салықтық мөлшерлемелерді жалпы азайту базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.
3. Елдi мекен шегiнде орналасқан, әуеайлақтар алып жатқан өнеркәсiп жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 506-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады. Әуеайлақтар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекен шегiнде орналасқан, әуежайлар алып жатқан өнеркәсiп жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалған және жабдықталған жер учаскесi әуеайлақ деп түсініледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-507/