О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

518-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Мемлекеттік мекеме салық салу объектiсiн сенімгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 41-бабына сәйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектiсi, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Ортақ бiрлескен меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерi меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келiсу бойынша салық төлеушi бола алады.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, қаржылық жалдауға берілген объектілер бойынша жалға беруші салық төлеуші болып табылады. Қаржылық лизингке берілген объектілер бойынша лизинг алушы салық төлеуші болып табылады.
5. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания салық төлеушi болып табылады.
6. Мемлекеттiк тiркеуге жататын ғимараттарға, құрылыстарға құқықтардың осындай тіркелуі болмаған жағдайда:
1) жаңадан тұрғызылған (салынған) объектілер үшін – мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі және (немесе) салынған объектіні пайдалануға қабылдау (іске қосу) актісі;
2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осы объектіні іс жүзінде иеленетін және пайдаланатын (іске қосатын) тұлға мұндай объектіге салық төлеуші болып танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-518/