О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

527-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1.  Мемлекеттік мекеме салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсу бойынша осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады. Бұл ретте меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған өтініште көрсеткен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
4. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты салық төлеуші деп тану үшін:
1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде – мемлекеттік органдардың жер учаскесін беру туралы актілері;
2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені іс жүзінде иелену және пайдалану негіз болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-527/