Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
551-бап. Алым төлеушілер
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыру кезінде алымдар алу көзделген әрекеттерді олардың мүдделері үшін жасайтын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері алым төлеушілер болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы және халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым төлеушілер болып табылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-551/