О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

576-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 645. Ставки платы сәйкестік: орташа · толық сәйкестік кестесі
1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде айқындалады.
2. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: Р/с № Ластаушы заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) 1 2 3 4 1. Күкірт оксидтері (SOx) 20 2. Азот оксидтері (NOx) 20 3. Шаң және күл 10 4. Қорғасын және оның қосылыстары 3986 5. Күкіртсутек 124 6. Фенолдар 332 7. Көмірсутектер 0,32 8. Формальдегид 332 9. Көміртегі монооксиді 0,32 10. Метан 0,02 11. Күйе 24 12. Темір тотықтары 30 13. Аммиак 24 14. Алты валентті хром 798 15. Мыс тотықтары 598 16. Бенз(а)пирен 996,6
3. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: Р/с № Ластаушы заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) 1 2 3 1. Көмірсутектер 44,6 2. Көміртегі тотықтары 14,6 3. Метан 0,8 4. Күкірт диоксиді 200 5. Азот диоксиді 200 6. Күйе 240 7. Күкіртсутек 1 240 8. Меркаптан 199 320
4. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: Р/с № Отын түрлері Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) 1 2 3 1. Этилденбеген бензин үшін 0,33 2. Дизель отыны үшін 0,45 3. Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін 0,24
5. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: Р/с № Ластаушы заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) 1 2 3 1. Нитриттар 1 340 2. Мырыш 2 680 3. Мыс 26 804 4. Оттегіне биологиялық қажеттілік 8 5. Тұзды аммоний 68 6. Мұнай өнімдері 536 7. Нитраттар 2 8. Жалпы темір 268 9. Сульфаттар (анион) 0,8 10. Өлшенген заттар 2 11. Синтетикалық беткі-белсенді заттар 54 12. Хлоридтер (анион) 0,2 13. Алюминий 54
6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: Р/с № Қалдықтардың түрлері Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) 1 тонна үшін 1 гигабеккерель үшін (Гбк) 1 2 3 4 1. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: 1.1. Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар 1.1.1. қауіпті қалдықтар 8,01 1.1.2. қауіпсіз қалдықтар 1,06 1.2. Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: 1.2.1. Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы) 0,38 1.2.2. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): 1.2.2.1. аршынды жыныстар 0,004 1.2.2.2. жанасқан таужыныстары 0,026 1.2.2.3. байыту қалдықтары 0,02 1.2.2.4. шлактар, шламдар 0,038 1.2.3. Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар 0,038 1.2.4. Күл мен күлшлактар 0,66 1.2.5. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы 0,002 1.2.6. Радиоактивті қалдықтар: 1.2.6.1. трансуранды 0,76 1.2.6.2. альфа-радиоактивті 0,38 1.2.6.3. бета-радиоактивті 0,04 1.2.6.4. шынақты радиоактивті көздер 0,38
7. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 3,77 АЕК құрайды.
8. Жергілікті өкілді органдардың осы баптың 6-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген коммуналдық қалдықтарды (қатты тұрмыстық қалдықтарды, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбаларын) көму бойынша мөлшерлемелерді көтеруге құқығы бар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-576/