О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

586-бап. Салық салу объектісі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 638. Объект обложения сәйкестік: орташа · толық сәйкестік кестесі
Мыналарды:
1) көшеттердің құрамы мен пішінін күтіп-баптау мақсатында кесуді жүзеге асыру, сондай-ақ оның жас талдары ішіндегі толықтығын (жарық түсіру, тазалау) және құндылығы аз ағаш көшеттерін реконструкциялауға және ландшафттарды қалыптастыруға байланысты кесуді реттеу кезінде, сондай-ақ аралық пайдалану үшін ағаш кесуді және өрт болып өткен учаскелерде, егер мұндай өрттердің ауданы бір жүзден астам гектарды құраса, өзге де ағаш кесуді жүргізу кезінде түбірімен босатылатын сүрек көлемін;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін алып қойылған ағаш ресурстарының, шайырдың, қосалқы орман ресурстарының көлемін;
3) аралық пайдалану үшін ағаш кесуді және өрт болып өткен учаскелерде, егер мұндай өрттердің ауданы бір жүзден астам гектарды құраса, өзге де ағаш кесуді жүргізу кезінде орман иеленушілер түбірімен босататын ағаш-бұта тұқымдастарының көлемін қоспағанда, мыналар: мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағынан тыс жерде фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық қажеттіліктер үшін жабайы өсетін өсімдіктердің түрлерін дайындау (жинау) көлемі; орманды пайдалану көлемі және (немесе) пайдалануға берілетін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алаңы төлемақы салу объектілері болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-586/