Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
613-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берген кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 666. Ставки государственной пошлины при выдаче виз Республики Казахстан, оформлении документов на выезд из Республики Казахстан на постоянное место жительства, оформлении и согласовании приглашений на въезд иностранных граждан и лиц без гражданства в Республику Казахстан, приобретении гражданства Республики Казахстан, восстановлении гражданства Республики Казахстан или выходе из гражданства Республики Казахстан, выдаче разрешения на постоянное проживание в Республике Казахстан
сәйкестік: жоғары
· толық сәйкестік кестесі
Қазақстан Республикасының визаларын беруге, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеуге, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруге байланысты әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа визалар бергенi, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшiн:
Қазақстан Республикасынан кетуге – 0,5 АЕК;
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 7 АЕК;
көп рет Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 30 АЕК;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдегені үшін – 1 АЕК;
3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскені үшін – әрбір шақырылушы үшін
0,5 АЕК;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн – 1 АЕК;
5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат бергені үшін – 4 АЕК.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-613/