Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
641-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда есептелген салықты төлеу тәртібі мен мерзімдері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ
· толық сәйкестік кестесі
Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен есептелген жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірмей мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам - тұрған жері бойынша;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға - тұрғылықты (болу) жері бойынша.
Жеке тұлға осы Кодекстің 635-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша, бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығын төлеуді жүзеге асырады. Бұл ретте осы бөліктің ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және (немесе) бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығына қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-641/