О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

652-бап. Таза кіріске салық салу тәртібі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1.Бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін таза кірісіне 15 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынады. Таза кіріс мынадай тәртіппен айқындалады: осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 300-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған, салық салынатын кіріс, алу осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 300-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісті көбейту арқылы есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы.
2. Корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.
3. Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға таза кірісіне корпоративтік табыс салығын корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде тұрақты мекеменің орналасқан жеріндегі бюджетке төлеуді жүргізеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-652/