О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

675-бап. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатқа қойылатын талаптар

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Осы бөлімнің ережелерін қолдану мақсатында бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат кірісті алушы – бейрезиденттің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын, мынадай:
1) резиденті бейрезидент болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырған түпнұсқа түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құзыретті органның лауазымды адамының қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастырылуға немесе құзыретті органның лауазымды адамының қолтаңбасы мен мөрін заңдастыратын құжат: заңдастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында; өзге мемлекеттік ұйымның немесе шет мемлекеттің электрондық апостилдерін жинауды (сақтауды) жүзеге асыратын қоғамдық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс;
2) осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін құжат түпнұсқасының нотариат куәландырған көшірмесі түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады. Шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастырылуға немесе шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрін заңдастыратын құжат: заңдастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында; өзге мемлекеттік ұйымның немесе шет мемлекеттің электрондық апостилдерін жинауды (сақтауды) жүзеге асыратын қоғамдық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс;
3) шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған, бейрезиденттің резиденттігін растайтын электрондық құжаттың қағаз көшiрмесi түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады.
2. Егер мынадай жағдайларда: бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған болса; осы баптың 1-тармағында көрсетілген (көрсетілетін) тұлғаның (тұлғалардың) қолтаңбасы мен мөрінің түпнұсқалығын куәландырудың өзге тәртібі: Қазақстан Республикасының халықаралық шартында; осы Кодекстің 221-бабына сәйкес жүргізілетін өзара келісу рәсімі шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы арасында; Еуразиялық экономикалық одақ органының шешімімен белгіленсе, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастыру талап етілмейді.
3. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде бейрезидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады. Бұл ретте, резидентік белгілі бір күнге расталған жағдайда, бейрезидент резиденттік расталған күнге дейінгі күнтізбелік жылдың басынан бергі уақыт кезеңіне Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады. Егер резиденттікті растайтын құжатта резиденттіктің уақыт кезеңі көрсетілмесе, бейрезидент осындай құжат берілген (шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналасқан) күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-675/